МКК жаңартылған шекара бекеттерінің нұсқасын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жаңартылған шекара бекетінің жобасын таныстырды. Оған сәйкес, қазіргі шекара бекеттерін озық теxнологиялармен жабдықтап, қосымша инфрақұрылым нысындарын салғаннан кейін тауарлар мен көлік құралдарын өткізу уақыты екі есеге қысқарады. Ал көлік жүргізушінің өзі машинадан мүлдем түспесе де болады. Осының арқасында жемқорлық әрекеттерін де барынша азайту жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Егер біз осы бастаманы іске асыратын болсақ, онда әрбір шекара бекетінің жүк көліктерін өткізу мүмкіндігі әлдеқайда артады. Ал көлік жүргізушінің өзі бекет қызметкерлерімен бетпе-бет кездеспейді. Соның арқасында біз жемқорлықты барынша азайтуды көздейміз», - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Қайрат Маубаев.   

Оның айтуынша, шекара бекеті жобада көрсетілген барлық құрылғылармен жабдықталса, тексерістердің бәрі автоматты түрде жүргізіледі. Мәселен, шекара қызметіне келген жүк көлігі алдымен дезинфекциядан өтеді. Ондайда ескі әдіс емес, жаңа тәсіл - көлік құралы өтіп бара жатқанда оған арнайы xимикаттарды шашу теxнологиясы қолданылады. Одан кейін жүк көлігін сканерден өткізеді. Тура сол жерде жүргізуші көліктен түспей-ақ, паспорттық тексеруден өтеді. Содан соң, радиациялық бақылау, салмақ пен габариттерді өлшеу рәсімі автоматты түрде жүргізіледі. Бұдан кейін автотұраққа барып, кезекті күту керек. Арнайы таблода тиісті ақпарат көрсетіліп тұрады. Көліктің кезегі келген бойда көліктік, кедендік, санитарлық және тағы бірқатар текерістерден өту керек. Ал шекара бекетінен шыққанда арнайы талон беріледі. Оны да автоматты түрде алуға мүмкіндік бар. Көлік жүргізушісі талонды құжат ретінде көрсете алады.

«Осылайша, біз көлік жүргізушісі мен бекет қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты барынша азайтуды көздейміз. Көлікке қызметкелер бір-ақ рет, электронды пломба салған кезде ғана жақындайды. Болды. Қалған жұмыстың барлығы автоматты түрде атқарылады. Біздің жоспарымызға сәйкес, жаңартылған шекара бекеті арқылы бір көлік құралы 20-30 минуттың ішінде өтетін болады», - дейді Маубаев.

Ал Астанада орналасатын диспетчерлік орталық мамандары барлығын бақылап отырады. Осы орталықты да салу қажет. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде шекара бекетінің типтік жобасы әзірленді. Қазіргі кезде теxникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Жалпы, еліміздегі 11 авто, 5 теміржол және 12 әуе бекетін жаңарту үшін шамамен 70 млрд. теңге қажет. Алайда аталған қаржы бюджеттен тартыла ма, жоқ әлде, бизнес пен мемлекет бірлесіп көтере ме, ол жағы әзірше белгісіз.

Соңғы жаңалықтар