10:18, 07 Қазан 2017 | GMT +6
ММА-дан Әлем чемпионаты: Финалда ел намысын кім қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде аралас жекпе-жектен V Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Финалдық сайыстарға Қазақстанның бес спортшысы шықты. Олар - Санжар Әділов (56,7 келі), Денис Муцнек (65,8 келі), Темірлан Иxсанғалиев (77,1 келі), Еркінбек Інжел, (84 келі) және Мария Агапова (61,2 келі). Бұған дейін ұлттық құраманың үш спортшысы - Алтынбек Бақтыгелдиев (70,3 келі), Әлімжан Сүлейменов (+ 93 келі) пен Зарина Қадырбаева (52 келі) қол жүлдені иеленген болатын.
Айта кетейік, Әлем чемпионатының финалы бүгін кешкі сағат 19:00-де басталады. Оның алдында WMMAA президенті Вадим Финкельштейннің қатысуымен баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылады.