Мобильдік банк қосымшаларына вирустық шабуылдардан қалай сақтануға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі мобильдік банк қосымшаларына вирустық шабуылдардан қалай сақтануға болатыны жөнінде кеңестер берді.
None
None

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Ұлттық банкі Қазақстанның қаржы жүйесінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерге мониторинг жүргізу шеңберінде ағымдағы ахуал мен ықтимал қауіптерге тұрақты түрде талдау жүргізіп отырады. Аталмыш жұмыстарды жүргізу кезінде Ұлттық банк еліміздің қаржы ұйымдарымен белсенді түрде ынтымақтастықта болады, ықтимал қауіптердің алдын алу және анықтау бойынша жүйелік шешімдер қабылдауға бағытталған шараларды әзірлейді.

Қауіптердің алдын алу кезінде азаматтарға кибершабуылдар мен жіберілетін вирустардың схемалары, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шаралардан хабардар болуы айтарлықтай рөл атқарады.

Атап айтқанда, кейбір елдерде SMS-банкинг мен мобильді банкинг пайдаланушыларына Android операциялық базасында орнатылған мобильдік банктік қосымшаларға заңсыз қол жеткізу бөлігінде қауіп төндіретін зиянкес бағдарламаның (вирустың) жаңа түрінің таралуы анықталғаны жайында хабарлар жіберіледі. Бұл вирустар суреттер немесе өзге де мультимедиялық файлды «көруге» сілтемеден тұратын SMS-хабарлар арқылы таратылады.      

Соған байланысты ҚР Ұлттық банкі Интернетке/мобильді банкингке қол жеткізілетін мобильдік телефонға хабарлар келген кезде қырағылық танытып, оның және оның салдарларының таралу тәуекелін төмендетуге бағытталған мынадай шараларды қабылдауға кеңес береді:

1) келіп түскен хабарларды мұқият қарау және белгісіз адресаттардан келген сілтемелерді ашпау, белгілі адресаттардан сілтеме алған кезде және вирус деп күдіктенсеңіз (бұған дейін бұл адресат мұндай тақырыпқа сілтеме жібермесе), сілтемені ашпағаныңыз жөн;

2) мобильдік қондырғыға келіп түскен белгісіз бағдарламаларды орнату және (немесе) оларға қосымша құқық беру туралы хабарларға рұқсат бермеу;

3) вирусқа қарсы сенімді бағдарламаны пайдалану, оны және операциялық жүйені үнемі жаңартып отыру қажет;

4) өзіңіз қызметтерін пайдаланатын банктердің сайттарын не жаңалықтар жолақтары арқылы әлеуетті қауіптер мен олардың алдын алу әдістері туралы мәліметтерді үнемі қадағалап отырыңыз;   

5) төлем карточкалары және банктік шоттар (PIN-код, картаның сырт жағындағы СVV код, Интернеттегі/мобильді банкингтегі пароль) бойынша жеке мәліметтерді (деректемелерді) үшінші тұлғаларға бермеңіз. 

Соңғы жаңалықтар