Молдова армиясы НАТО жаттығуларына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — Молдова армиясы Грузияда 23 шілде мен 7 тамыз аралығында өтетін Agile Spirit 2025 көпұлтты оқу-жаттығуларына қатысады, деп хабарлайды ria.ru Молдова Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

НАТО
Фото: Joerg Waterstraat/SULUPRESS.DE/picture alliance

Жаттығуларға НАТО елдерінің өкілдері де қатысады.

— Молдова офицерлері НАТО-ға мүше Румыния, Болгария, АҚШ, Польша және Литва сияқты елдердің әскери қызметкерлерімен ынтымақтасады, - делінген министрліктің сайтында.

Оқу-жаттығулардың мақсаты әріптес елдер армияларының жауынгерлік қабілеті мен жедел әрекеттестік қабілетін, сондай-ақ халықаралық бітімгершілік операциялары аясындағы іс-қимылдардың тиімділігін арттыру екені атап өтілді.

Молдова әскерилері 2023 жылдан бері Agile Spirit бағдарламасы бойынша дайындалып келеді.Конституцияға сәйкес Молдова бейтарап мемлекет болғанымен, 1994 жылдан бастап НАТО блогымен жеке жоспар бойынша ынтымақтасады.

Еске сала кетейік, Аустралия тарихындағы ең ірі әскери оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқаны жайлы жазған едік

Соңғы жаңалықтар