Молдовада бала күтіміне байланысты ақысы төленбейтін демалыс мерзімі қысқартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдова парламенті қабылдаған заңнамалық өзгерістерге сәйкес, еңбекақысы сақталынбайтын бала күтіміне қосымша демалыс алу мерзімі екі жылға қысқартылды, деп хабарлайды МОЛДПРЕС.

Молдовада бала күтіміне байланысты ақысы төленбейтін демалыс мерзімі қысқартылды

Жаңа ережелерге сәйкес, балалы аналар үш жылдық ақысы төленетін және бір жыл ақысы төленбейтін демалыста болады. Осы уақытқа дейін жас аналар бала күтіміне байланысты үш жылға дейін ақысы төленетін және бала 6 жасқа толғанға дейін ақысы төленбейтін демалысты пайдаланып келген. Осылайша, жүктілік және босану кезіндегі және бала үш жасқа толғанға дейін ақысы төленетін демалыстан басқа, жас аналар баласы алты жасқа толғанға дейін еңбек ақысы сақталусыз, жұмыс орыны сақталып қалатын қосымша демалыс алуға хат түрінде өтініш білдіре алатын.

Жүктілік және босану демалысынан оралған әйелдің жұмыс орыны сақталмаған жағдайда, оған тең дәрежедегі (тең дәрежедегі қызмет) басқа жұмыс орыны ұсынылады. Еңбек ақысы сақталмайтын қосымша демалыс кезеңі бұрынғыша еңбек өтіліне енгізіледі.