Молдовада Қазақстан Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Молдованың екінші ірі қаласы – Бэльцта Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болды. Құрметті консулдық қызметінің негізгі басымдықтары қазақстандықтарды қолдау, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Молдова
Фото: gov.kz

Қазақстанның Бэльцтегі Құрметті консулы болып «JLC» компаниялар тобының вице-президенті, «JLC Sut LLC» (Талдықорған) негізін қалаушысы, «Food Маstеr lce Сrеаm LLC» (Алматы) бас директоры Юрие Жардан тағайындалды. 

Молдова
Фото: gov.kz

Ашылу салтанатына МР Сыртқы істер министрлігінің Протокол басшысы Михаил Барбулат, Бэльц қаласының мэрі Александр Петков және дипломатиялық корпус, бизнес-қоғамдастық, мемлекет өкілдері мен депутаттар қатысты.

ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков құрметті консулдықтың ашылуының маңыздылығын ескере отырып, бұл инвестициялық, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатын екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі екенін атап өтті.

Өз тарапынан жаңадан тағайындалған ҚР Құрметті консулы Ю.Жардан қазақ тарапының жоғары сенімі үшін алғысын білдіріп, елдеріміз арасындағы барлық салалардағы іс-қимылды жандандыруға дайын екенін растады. 

Молдова
Фото: gov.kz

Бэльц – Молдованың өнеркәсіп орталығы, оның аумағында ірі өндірістік және ең үлкен еркін экономикалық аймақтар орналасқан. Қалада 40-тан астам кәсіпорын бар: тамақ және жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық және ауылшаруашылық машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру және т.б.

Соңғы жаңалықтар