Монако князінің Астанаға сапары аясында Грейс Келлидің жеке заттары мен қымбат бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылады

АСТАНА.  9 қазан. ҚазАқпарат - Монако князы Албер ІІ-нің Қазақстанға ресми сапары аясында 4-30 қараша аралығында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Монако ханшайымы Грейс Келли дәуірі» атты көрме ұйымдастырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында «DanaFoundation» қоғамдық қорының бас директоры Әсем Қужанова мәлім етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда көрмені өткізуге бастаманы Монаконың еліміздегі құрметті консулы Владимир Семенихин көтерген. Ал экспозициялар кураторы Францияның бұрынғы мәдениет министрі Фредерик Миттеран болып табылады.

«Бейбітшілік және келісім сарайында ашылатын көрмеге ханшайымның шамамен 30-дан астам сәнді киімдері, әйгілі үйлену тойының көйлегі, құны қымбат зергерлік бұйымдар коллекциясы, аксессуарлары, бас киімдері мен қол сөмкелері қойылады. Біз осы жоба қазақстандықтардың қызылушылығын арттырады деп сенеміз», - дейді қоғамдық қор басшысы. Бұдан бөлек, көрмеге әйгілі фотографтар түсірген ханшайымның суреттері, оның түскен фильмдерінен үзінділер де қойылады.

Ал көрмені ханшайымның ұлы князь Альбер II-нің өзі 4 қараша күні ашады деп жоспарланған. Еске салсақ, Голливуд жұлдызы, ханшайым Грейс Келли 11-ге тарта фильмдерге түскен. Ол 1982 жылы автокөлік апатынан қайтыс болған болатын.

Соңғы жаңалықтар