Монблан тауы соңғы екі жылда 2 метрге аласарып кеткен

Еуропадағы ең үлкен таудың биіктігі 4 805,59 метрге дейін аласарды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 2,22 метрге төмен. ҚазАқпарат бұл туралы Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

тау
Фото: Pixabay

Ресми деректер бойынша, енді оның биіктігі — 4 805,59 метр.

Яғни 2021 жылмен салыстырғанда 2,22 метр төмен. 

«Бұл жағдайға жазда жауын-шашын мөлшерінің аздығы әсер етуі мүмкін және бұл құбылыс бұрыннан байқалып келе жатыр» деп атап өтті Шамонидегі баспасөз конференциясында Жоғарғы Савойя геодезия қызметінің басшысы Жан де Гаре. 

Оның болжамынша, екі жылдан кейін Монблан қайта биіктеуі әбден мүмкін. 

Деректерді жинау 2001 жылы басталды. Оның мақсаты — температураның жоғарылауы Альпіге қалай әсер ететінін анықтау.

Қар түсіп, ерігеніне байланысты биіктік өзгеруі қалыпты құбылыс, сол себепті болашақта жоғалтқан биігін қалпына келтіріп, одан да жоғарылай түсуі ықтимал.

2017 жылы тау сілемі аумағында орналасқан үш ел — Франция, Италия мен Швейцария оны UNESCO әлемдік мұра тізіміне енгізуді ұсынды.

Сол кезде құрлықтағы ең биік таудың шыңы 4808,72 метрге жететін.

Соңғы жаңалықтар