Монетаның ең үздік дизайнына жарияланған байқаудың мерзімі ұзартылды

«Менің Қазақстаным» тақырыбында - «Халық монетасы» және «Балалар монетасы» аталымдары бойынша өткізілетінін бұл шара ҚР Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге орай монетаның ең үздік дизайнына арналған конкурстың жүлде қорын белгілеу туралы» 18 қарашадағы № 226 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда. Онда байқау жеңімпаздары «Халық монетасы» аталымында 750 мың теңге, «Балалар монетасы» аталымында 500 мың теңгеге ие болмақ. Оған ұсынылған монеталар дизайндарының жобаларын құрамына белгілі қоғам және саясат қайраткерлері, жетекші қаржыгерлер, еліміздің шығармашылық зиялы қауымның өкілдері кіретін комиссия қарайтын болады. Сондай-ақ «Халық монетасы» аталымында комиссия online-дауыс беру әдісімен бағалау үшін интернет пайдаланушылардың назарына ұсынылатын 20 үздік жұмысты іріктейді. Неғұрлым көп дауыс санына ие болған дизайн жобасы «Көрермендер көзайымы» сыйлығын алады. Оның қорытындысы 15 желтоқсанға шығарылады деп жоспарланып отыр.