Моңғол спорт жұлдызы Энхцогт Silk Way Star финалына өткен Мишельді құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM - Моңғолияның танымал баскетболшысы Дулгуун Энхцогт Silk Way Star халықаралық жобасының финалына өткен Мишель Джозефты құттықтап, оған қолдау білдірді.

д
Фото: michelle.jozef / instagram

- Қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Қазақстанда өтіп жатқан Silk Way Star халықаралық шоу-жобасында біздің Мишель өз өнерін көрсетіп, финалға жолдама алды, – деді ол.

Спортшы өз Facebook парақшасында Мишельдің жетістігін атап өтіп, аталмыш байқаудың маңыздылығын жеткізді.

Оның айтуынша, жобаға 12 елдің өнерпаздары қатысып, өздерінің талантын, дауыс мүмкіндігін және ұлттық мәдениетін танытып келеді.

- Финалға шыққан әрбір қатысушы авторлық әнімен өнер көрсетеді. Бұл кезеңде көрермендердің қолдауы ерекше маңызды. Өз саласында көшбасшы болып жүрген таланттарымызбен мақтанамыз, - деп жазды Дулгуун Энхцогт. 

Бұған дейін Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар