Моңғолбанк 3,2 тонна бағалы метал сатып алды

АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы наурыз айында Моңғолбанк 949,5 кг қымбат метал сатып алған, ал бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жалпы көлемі 3,2 тоннаны құрады, деп хабарлайды Монцамэ.

алтын
Фото: Монцамэ

Наурыз айында сатып алынған алтынның 101,7 келісі Дархан-Уул аймағындағы Орталық банк филиалы арқылы, ал 720,4 келісі Баянхонгор аймағындағы филиал арқылы алынған.

Наурыздағы қымбат метал сатып алу көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48 пайызға артқан.

Моңғолбанк алтынды әлемдік нарықтағы бағасына сәйкес сатып алады. Наурыз айында 1 грамм алтынның орташа бағасы 560 486,32 тугрик болған.

Осыдан бұрын хабарланғандай, Моңғолияның сыртқы сауда айналымы 2,6 млрд АҚШ долларына жетті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Моңғолия $62,6 млн-ға экспорттық келісім жасағаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, Моңғолия нарығына Қазақстан тауарларын экспорттау жеңілдегені айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар