Моңғолия онлайн құмар ойындарға толығымен тыйым салды
АСТАНА. KAZINFORM – Моңғолия 2025 жылғы 1 шілдеден бастап онлайн-құмар ойындары мен басқа да құмар ойын түрлеріне заңмен толық тыйым салған Азиядағы 22-ші ел болды, деп хабарлайды Монцамэ.

Заңның мақсаты – құмар ойындарын ұйымдастырушыларға қатаң жауапкершілік жүктеу, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақшаны заңсыз айналымға салу мен басқа да қылмыстық әрекеттердің алдын алу.
Мамандандырылған ұйымдар бұл бағыттағы бақылауды күшейтіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық науқан жүргізуді бастаған.
Аталған заңнама – ішкі қауіпсіздік саясатына, салауатты әлеуметтік орта қалыптастыру мен экономикалық реттеуге бағытталған кешенді шешім ретінде қабылданған.
Айта кетелік СҚО-да құмар ойын ойнаған екі мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылған еді.