Моңғолия 34 елдің азаматы үшін визасыз режимді жыл соңына дейін ұзартты

АСТАНА. KAZINFORM — Министрлер кабинетінің отырысында 34 елдің азаматына Моңғолия аумағында 30 күнге дейін визасыз болу құқығын ұзарту туралы шешім қабылданды. , деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолия
Фото: Монцамэ

Визасыз режимнің мерзімі 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Осылайша, аталған елдер үшін визасыз режим тағы бір жылға жалғасты. 34 елдің 32-сі — Еуропа мемлекеттері, ал қалған екеуі — Аустралия мен Жаңа Зеландия. Бұл елдердің азаматтары Моңғолияға туристік мақсатта визасыз бара алады.

Сонымен қатар, туризм мақсатында 14 күннен 90 күнге дейін визасыз кіруге тағы 30 елдің азаматтарына рұқсат етілген.

Сондай-ақ 2025 жылы Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі 124 945 виза бергені атап өтілді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,18 пайызға көп.

Бұдан бұрын Кәсіби туризм қауымдастығының мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың басынан бері Моңғолияға 851 931 шетелдік турист сапарлаған.

Моңғолия туризмді қалпына келтіру қарқыны бойынша әлемнің ТОП-20 еліне енгені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар