Моңғолия ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен әлеуметтік желі топтарын ашуға тыйым салды
АСТАНА.KAZINFORM - Жаңа оқу жылынан бастап Моңғолияның мемлекеттік мектептерінде әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады, деп хабарлайды Синьхуа.
Моңғолияның білім және ғылым министрі Лувсантсерэн Энх-Амгаланның айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап мектептерде мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналарының қатысуымен ашылған әлеуметтік желі топтарын ашуға толығымен тыйым салынады.
Моңғолиядағы ең танымал әлеуметтік желілерге Facebook, Instagram және TikTok кіреді. Әсіресе, мұғалімдер Facebook-ті оқушылармен және олардың ата-аналарымен байланысу үшін, сондай-ақ үй тапсырмасын жариялау үшін белсенді пайдаланады.
Бұл шара балалардың онлайн қауіпсіздігін жақсартуға және олардың экран алдында өткізетін уақытын қысқартуға бағытталған.
Бұған дейін Францияда 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды.