Моңғолия ауыл шаруашылығы саласында Азиямен бірлескен жұмысқа жетекшілік етеді

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия бастамасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Монцамэ.

Моңғолия AFACI төрағасының орынбасары болып үш жылға тағайындалды
Фото: Монцамэ

Моңғолия үш жыл мерзімге Азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия бастамасы (AFACI) төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл шешім Непалдың Катманду қаласында өткен AFACI-дің 7-ші Бас ассамблеясында бастамаға мүше елдердің делегаттары тарапынан қабылданды.

Моңғолия атынан қатысқан Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мемлекеттік хатшысы Т.Жамбалцэрэн Моңғолияның Азиядағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және климаттың өзгеруіне бейімделген ғылыми негізделген шешімдерді бірлесіп енгізуге зор мән беретінін атап өтті.

Оңтүстік Корея Республикасының Ауылдық аудандарды дамыту басқармасы ұйымдастырған Бас ассамблеяға AFACI-ге мүше 15 елдің ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.

Ассамблея барысында қатысушылар қолданыстағы жобалар мен бағдарламалардың барысы мен нәтижелерін қарастырып, азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы болашақ ынтымақтастық саясатының бағыттарын талқылап, айқындады.

Осыдан бұрын Моңғолия парламенті «Ел премьер-министріне сенім вотумы туралы» қаулының қабылдануын қолдамағаны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар