Моңғолия БҰҰ Статистикалық комиссиясының мүшесі атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия 8 сәуірде өткен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) 15-пленарлық отырысында 2027–2030 жылдарға арналған кезеңге БҰҰ Статистикалық комиссиясының құрамына сайланды, деп жазады Монцамэ.

Моңғолия БҰҰ Статистикалық комиссиясының мүшесі атанды
Фото: Монцамэ

Бұл туралы елдің Ұлттық статистика комитеті хабарлады.

Моңғолияның Комиссия құрамына енуі халықаралық статистикалық саясатты қалыптастыру процесіне белсенді қатысуға, жаңа стандарттар мен әдіснамаларды әзірлеуге үлес қосуға, сондай-ақ ұлттық статистикалық жүйелерді дамыту бойынша халықаралық үйлестіруді кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта Моңғолия БҰҰ Статистикалық комиссиясының жұмысына белсенді қатысып, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға, цифрлық деректердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, ресми статистикадағы деректерді басқаруды дамытуға, сондай-ақ дәстүрлі емес дереккөздер мен жасанды интеллектті пайдалануға үлес қоспақ.

Айта кетейік, осыдан бұрын Қазақстан да 2027-2030 жылдарға БҰҰ Статистикалық комиссиясының құрамына сайланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар