22:35, 26 Маусым 2025 | GMT +5
Моңғолия елінің боксшылары Астанаға ат басын бұрды
АСТАНА. KAZINFORM – Әуесқой бокстан әлем кубогінде бақ сынайтын Моңғолия елінің боксшылары Астанаға келді.

ҚР Бокс федерациясының мәліметінше, Моңғолия боксшыларының қатарында қандасымыз Бекнұр Қалиұлы бар. Ол аса ауыр салмақта Моңғолия намысын қорғайды.
Бекнұр Қалиұлы 2024 жылы Азия чемпионатында қола, әлем кубогінде күміс жүлдеге ие болған.
Сонымен қатар әйелдер сапында әлем чемпионатының қола жүлдегері Энхжаргал Мөнгөнцэцэг бар.
Айта кетейік, World Boxing ұйымдастыруымен әлем кубогі елімізде бірінші рет өткелі жатыр.
Байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.
Бұған дейін Астанаға Оңтүстік Кореяның былғары қолғап шеберлері келгенін жазған болатынбыз.