Моңғолия халқының 49 пайызы — ер адамдар

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, Моңғолия халқының жалпы санының 1,7 миллионы немесе 49 пайызы ер адамдар.

Қытайдағы этникалық моңғолдар «мұздағы арга» жарысын өткізді
Фото: «Халық Газеті»

МОНЦАМЭ ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы дүниеге келген балалардың 51,45 пайызы ер балалар екені анықталды.

Елдегі ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы — 67 жас, ал Моңғолиядағы қариялардың ең үлкені — 105 жаста. Сонымен қатар, онда еңбекке қабілетті жастағы ерлердің 67,4 пайызы жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, 57 пайыздан астам ер адамдар әртүрлі салаларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Олардың көпшілігі тау-кен, құрылыс және көлік салаларында жұмыс істейді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылы Моңғолияның жалпы сыртқы қарызы 37,1 млрд АҚШ долларын құрап, 7,4 пайызға ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар