Моңғолия импорты 1,1%-ға артты
АСТАНА. KAZINFORM — Осы жылдың алғашқы жеті айында Моңғолия 6 480,8 миллион АҚШ долларына тауарлар мен шикізат импорттаған, деп хабарлайды Монцамэ.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,6 миллион долларға немесе 1,1%-ға артық.
Импорт көлемінің артуына негізінен мұнай өнімдері, жеңіл және жүк көліктері, механикалық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектері, сондай-ақ әуе және су көлігіне қатысты электр құрылғылары себеп болған.
Азық-түлік өнімдері бойынша осы кезеңде Моңғолия:
-
73,1 млн дана жұмыртқа,
-
31,7 мың тонна күріш,
-
84,2 мың тонна көкөніс импорттаған.
Сонымен қатар елге:
-
479,6 мың тонна бензин,
-
991,4 мың тонна дизель отыны
-
және 14 724 көлік құралы әкелінген.
Импорттың географиясы бойынша:
-
38,1% — Қытай,
-
23,6% — Ресей,
-
12,7% — Жапония,
-
4,3% — Оңтүстік Корея,
-
4,1% — АҚШ,
-
2,5% — Германия үлесінде.
Осы алты елдің үлесіне Моңғолия импортының жалпы көлемінің 85,4%-ы тиесілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Ұлы Мемлекеттік Хуралдың (Парламенттің) «Алтын–3» ұлттық науқанын іске асыру туралы қаулысының бір бөлігін кері қайтарды.