Моңғолия президенті Парламент қаулысына вето қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Ұлы Мемлекеттік Хуралдың (Парламенттің) «Алтын–3» ұлттық науқанын іске асыру туралы қаулысының бір бөлігін кері қайтарды, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолия президенті
Фото: Монцамэ

Өз өкілеттігі аясында президент Ухнаагийн Хурэлсух бұл қаулыға қатысты Моңғолия Конституциясында бекітілген вето қою құқығын пайдаланды. Аталған қаулы 2025 жылдың көктемгі сессиясында Парламентте қаралып, мақұлданған болатын.

Ветоның негізгі екі себебі аталды: біріншісі — ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту жөніндегі мемлекеттік саясатты ескеру қажеттігі, екіншісі — қаулының Конституция қағидаттарына сәйкес келмеуі.

Айта кетейік, «Алтын–3» ұлттық науқаны елдің алтын-валюта резервтерін арттыру, төлем балансына және төгрөг бағамына түсетін қысымды азайту, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Үкіметтің бастамасымен қолға алынған. 

Моңғолияның өнеркәсіп және пайдалы қазбалар министрі Гонгорын Дамдинням Министрлер кабинетінің кезекті отырысында қабылданған шешімдерді таныстыра отырып, былай деді:

— Геосаяси жағдайдың ушығуы, халықаралық нарықтағы мұнай бағасының құбылмалылығы және болашақтың белгісіздігі аясында төмендегі міндеттер қойылды:

  • импорттаушы компаниялармен бірлесіп, мұнай өнімдерінің қорын ұлғайту үшін тапсырыстар мен сатып алуларды барынша арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • мұнай өнімдері қорын арттыруды жеңілдетілген несиелер арқылы қаржыландыру мәселелері бойынша Орталық банкпен бірлескен шараларды саралап, ұсыныс дайындау;

  • мемлекеттік мұнай өнімдері қоймасын салу жөніндегі бұрын басталған жұмыстарды жалғастыру.

Бұған дейін Моңғолияда қолжетімді баспана үшін арнайы банк құрылатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар