Моңғолия жан басына шаққандағы пластик қалдықтары бойынша әлемде көш бастап тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолиядағы отандық кәсіпорындар жылына шамамен 10 000 тонна пластик қалдықтарын қайта өңдейді, деп хабарлайды Монцамэ.

Подснежники зацвели среди строительного хлама и пластиковых отходов в Шымкенте
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinfom

Елдегі қайта өңдеу кәсіпорындарының жобалық қуаттылығы жылына 18 500 тонна пластикті құрағанымен, іс жүзінде соның тек 10 000 тоннаға жуығы ғана өңделеді.

Бұл қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы өндірістік мүмкіндіктердің толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді.

Қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрлігінің деректеріне сәйкес, Моңғолия жан басына шаққандағы пластик қалдықтарының көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Мұндай жағдайдың негізгі себептері — қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүйесінің жеткілікті дамымауы, екінші шикізат жеткізілімінің тұрақсыздығы және тұрғындардың белсенділігінің төмендігі.

Осы жағдайда алдағы кезеңде ең тиімді әрі жүзеге асыруға болатын шешім — қалдықтарды бөлек жинау бойынша халықты кешенді түрде ақпараттандыру бағдарламасын енгізу және бір реттік пластикті пайдалануды кезең-кезеңімен қысқарту.

Жыл сайын елде 2,9–3,7 миллион тонна қатты қалдық түзіледі. Оның 1,4–1,5 миллион тоннасы Ұлан-Батар қаласына тиесілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Моңғолияға тауарларды кедендік бажсыз экспорттайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум