Моңғолияда 30 елдің үздік садақшылары бас қосады

АСТАНА. KAZINFORM — Ат үстіндегі садақ атудан XVII әлем чемпионаты алғаш рет Моңғолияда өтеді, деп хабарлайды Монцамэ.

садақшылар
Фото: Монцамэ

Дода 21–23 тамыз аралығында ел астанасы Ұлан-Батыр қаласының Налайх ауданындағы Тайжхайрхан тауының етегінде ұйымдастырылады.

Бұл чемпионат ерекше мәнге ие, себебі ол «Көшпенді» дүниежүзілік мәдени фестивалінің басты іс-шараларының бірі саналады.

Байқауға әлемнің 30-дан астам елінен ең үздік садақшылар қатысады.

Сонымен қатар, дәстүрлі моңғол ұлттық садақ ату түрі — «Бумбуг намнаа» — әлем чемпионатының ресми сайысы ретінде енгізілген.

Чемпионат моңғол халқының бірегей мәдениеті мен спортын халықаралық деңгейде насихаттауға және жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Жарысқа Моңғолияның ұлттық чемпионаттарының жеңімпаздары мен әлемдік рейтингте жоғары орында тұрған 15 үздік садақшысы қатысады.

Сондай-ақ, халықаралық төрешілер мен жаттықтырушылар, Ат үстіндегі садақ ату бойынша әлемдік федерация өкілдері мен құрметті қонақтар қатысады деп күтіліп отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Моңғолия 2025 жылғы 1 шілдеден бастап онлайн-құмар ойындары мен басқа да құмар ойын түрлеріне заңмен толық тыйым салған Азиядағы 22-ші ел болды.

Соңғы жаңалықтар