Моңғолияда 4 мыңға жуық ақбөкен қырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияда обадан қырылған 3800-ден астам ақбөкен денесінің көзі жойылды. Олардың өлі денелері Гоби-Алтай және Қобда аймақтарынан табылды, деп жазды Gogo Mongolia.
None
None

Басылымның хабарлауынша,  қырылған киіктердің 70%-ын төлдер, 27,8 %-ын - аталық және 1,3%-ын - аналықтар құрайды.

Әзірге Моңғолияның «залалды аймақтарында» 2000-3200 сайғақ тіршілік етуде.

Ақбөкендер жоғалып бара жатқан жануарлар қатарында. 2016 жылы Моңғолиядағы киік популяциясы он мыңнан асар-аспас шамада болған.

1930 жылы Моңғолия ақбөкенді атуға тыйым салды және ерекше қорғалатын түрлер тізіміне енгізді. 

Соңғы жаңалықтар