15:30, 23 Қараша 2023 | GMT +5
Моңғолияда боранда із-түзсіз жоғалған 294 адам құтқарылды

«Қазіргі кезде өткен түні күшті қарлы боран болған елдің Сухбаатар, Дорнод, Хэнтий және Дорноговь аймақтарында жоғалған 14 адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген ресми хабарламада.
Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаға мониторинг жүргізу институтының хабарлауынша, сәрсенбіде елдің шығыс аймақтарында қатты боран басталды. Жел екпіні кей жерлерде 25-30 м/с дейін жеткен.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елдің басым бөлігінде күн құбылмалы және салқын болады қар аралас жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін 6 қарашада Моңғолияның Тув және Увурганхай аймақтарында қарлы боран салдарынан сегіз көшпелі малшы қаза болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Олардың арасында 11 жасар бала бар.