Моңғолияда экспресс тест тағы бір коронавирус жұқтырған адамды анықтады
ҰЛАНБАТЫР. МОНЦАМЭ-ҚазАқпарат - Моңғолияның Инфекциялық ауруларды ұлттық зерттеу орталығының мәліметі бойынша, ел астанасына Берлиннен арнайы ұшақпен жеткізілген тағы бір азаматтан коронавирус анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЕ агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі өткізген кезекті баспасөз конференциясы кезінде белгілі болды.
Бұл - коронавирусқа жасалған экспресс сынаманың қорытындысы ғана, егер зертханалық талдау инфекцияның бар екенін растаса, ол Моңғолияда коронавирусқа шалдыққандар саны 6 адам болады.
«Біз орталық зертханадан қорытындыларды күтпей-ақ, азаматтардан індет жұқтыруды жедел анықтау үшін экспресс сынамаларды қолдана бастадық. Инфекция диагнозының расталуы ресми түрде бір күнде белгілі болады «, - деп мәлімдеді ИАҰЗО бас директоры Д.Нямхуу.
Еске слаа кетсек, бүгінгі таңда Моңғолияда бес адам коронавирус жұқтырған.