Моңғолияда кітап оқуды насихаттайтын ұлттық мереке өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Жыл сайынғы «Ұлттық мәдениет пен кітап күндері — 2025» мерекесі ел көлемінде 18–21 қыркүйек аралығында аталып өтті, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияда кітап оқуды насихаттайтын ұлттық мереке өтті
Фото: Монцамэ

Аталған мереке Моңғолия президентінің 2012 жылғы № 158 жарлығы мен «Мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндер туралы» Заңының 5.1.17-бабына сәйкес ұйымдастырылады.

Моңғолияда кітап оқуды насихаттайтын ұлттық мереке өтті
Фото: Монцамэ

Күзгі «Ұлттық мәдениет пен кітап күндері — 2025» мерекесі аймақтар мен сомондардың орталық алаңдарында өтті. Шараны 21 аймақтағы Мәдениет, спорт, туризм және жастар істері жөніндегі аймақтық басқармалар, мәдени ұйымдар, мәдениет орталықтары мен кітапханалар ұйымдастырды.

Моңғолиядағы кітап күні
Фото: Монцамэ

Сонымен қатар Ұлан-Батыр қаласында да астаналық Мәдениет және өнер басқармасына қарасты мекемелер мен орталықтар, сондай-ақ тиісті орталық және үкіметтік емес ұйымдар белсенді түрде қатысты.

Моңғолияда кітап оқуды насихаттайтын ұлттық мереке өтті
Фото: Монцамэ

Бұл жыл сайынғы мерекенің мақсаты — көпшілік арасында кітап оқуды насихаттау, кітап қоры мен әдеби мұраны кеңейту, балалардың білім алуға деген ынтасын арттырып, біліммен бөлісу мәдениетін қалыптастыру.

Моңғолияда кітап оқуды насихаттайтын ұлттық мереке өтті
Фото: Монцамэ

Мереке аясында кітап оқуды дәріптеуге арналған түрлі іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, әдеби кейіпкерлердің костюміндегі шеру, кітап жәрмеңкелері, жазушылармен кездесулер, поэзия оқу кештері, жаңа кітаптарды жеңілдікпен сату, үздік кітаптар көрмесі және «Оқылған кітаптарды алмастырайық» атты акция ұйымдастырылды.

Бұдан бұрын Моңғолияда 30 елдің үздік садақшылары бас қосатыны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар