Моңғолияда Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне оқуға түсушілерді тестілеу өткізілді

АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Маусымның 12-18-і аралығында Баян-Өлгей аймағы мен Ұланбатыр қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің алғаш бөлінген 25 гранты бойынша Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне (ШҚМУ) оқуға түсушілерді тестілеу ұйымдастырылды.
None
None

Сынақты ШҚМУ Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі С.Нұрғалиева және Инновациялық технологиялар орталығының директоры Б.Қаленова қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінен.

Талапкерлер «Информатика», «Есеп және аудит», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарына күштерін сынап, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі, физика, география, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті пәндері бойынша тест тапсырды.

Сынаққа 160-қа жуық үміткерлер қатысты. Тест тапсырған қазақ балалары арасында бір ұлты моңғол бала сынақтан өтіп, орташадан жоғары ұпай жинағаны ерекше назар аудартады.

Бұрындары Қазақстанның жоғары оқу орындарының дайындық курстарына, басқа да сынақтар тек Баян-Өлгей аймағында ғана өткізіліп келсе, осы жылы тестілеу қосымша Ұланбатыр қаласында ұйымдастырылып отыр. Бұл оңды бастаманын жергілікті қазақ диаспорасы қуанышпен қарсы алды.

Ұланбатырда өткен тестілеудің нәтижелері бойынша талапкерлердің 80 пайызы өту балын жинап, 20 пайызы өте жақсы көрсеткіштерге ие болды.

Соңғы жаңалықтар