Моңғолияның премьер-министрі отставкаға кететін болды

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының (Парламенті) бүгінгі Пленарлық отырысында премьер-министр Гомбожавын Занданшатарды қызметінен босатуға қатысты қаулы талқыланып, ұсыныс қабылданды, деп жазды Монцамэ агентті. 

Моңғолияның премьер-министрі отставкаға кететін болды
Фото: Монцамэ

Бұл ұсыныс 16 қазан күні өткен Ұлы Мемлекеттік Хуралдың Мемлекеттік құрылым жөніндегі тұрақты комитетінің отырысында талқыланған болатын. Тұрақты комитет қазіргі премьер-министрдің оставкаға кетуі туралы ұсынысты қолдамаған еді.

Ел Парламентінің таңертеңгі пленарлық отырысында депутаттар талқыға түскен ұсыныс бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Одан кейін жиынға қатысқан 71 депутат Гомбожавын Занданшатарды қызметінен босатуды қолдап, дауыс берді.

Жаңа премьер-министр тағайындалғанға дейін Гомбожавын Занданшатар Үкімет басшысының міндетін уақытша атқаратын болады.

Айта кетейік, Моңғолия парламенті «Ел премьер-министріне сенім вотумы туралы» қаулының қабылдануын қолдамағанын жазған едік.

Камила Мүлік

Соңғы жаңалықтар