Моңғолияның сыртқы сауда айналымы 2,6 млрд АҚШ долларына жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы қаңтар айында Моңғолия 105 елмен сауда жүргізіп, сыртқы сауданың жалпы көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияның сыртқы сауда айналымы 2,6 млрд АҚШ долларына жетті
Фото: Монцамэ

Оның ішінде экспорт көлемі 1,7 млрд доллар болса, импорт 843,0 млн доллар шамасында болды. Сауда балансының профициті 906,5 млн доллар болған. Бұл туралы Ұлттық статистика комитеті хабарлады.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы сауда көлемі 30,7%-ға немесе 608,9 млн долларға артқан. Бұл ретте экспорт 71,6%-ға немесе 730,2 млн долларға өсті. Сауда балансының профициті 16,5 есеге немесе 851,5 млн долларға ұлғайды. Ал импорт керісінше 12,6%-ға немесе 121,3 млн долларға қысқарды.

Экспорттың өсуі мына тауар жеткізілімдерінің артуымен байланысты:

— мыс кені мен концентраты — 462,3 млн долларға;
— көмір — 167,6 млн долларға;
— өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын — 95,5 млн долларға;
— консервіленген ет өнімдері — 8,3 млн долларға;
— флюорит кені мен концентраты — 15 млн долларға;
— мырыш кені мен концентраты — 6 млн долларға;
— шикі мұнай — 5,6 млн долларға;
— молибден кені мен концентраты — 2,5 млн долларға.

Импорттың төмендеуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мына жеткізілімдердің қысқаруымен түсіндіріледі:

— жеңіл автокөліктер — 73,1 млн долларға;
— жүк көліктері — 36,1 млн долларға;
— көлік құралдарының қосалқы бөлшектері — 17,6 млн долларға;
— дизель отыны — 13 млн долларға;
— бульдозерлер мен экскаваторлар — 7,5 млн долларға.

Сонымен қатар, бензин жеткізілімі 26,8 млн долларға, азот тыңайтқыштары 5,8 млн долларға, ал дәрі-дәрмек 3,5 млн долларға артқан.

Алдыңғы аймен салыстырғанда экспорт 11%-ға немесе 215,2 млн долларға, импорт 23,8%-ға немесе 263,9 млн долларға азайған.

Экспорттың 96,7%-ын минералдық өнімдер, бағалы тастар, зергерлік бұйымдар және негізгі металдар құрайды. Ал импорттың 72%-ы минералдық өнімдерге, механикалық, электр техникалық және көлік жабдықтарына, олардың қосалқы бөлшектеріне, сондай-ақ негізгі металдар мен олардан жасалған бұйымдарға тиесілі.

Осыған дейін Моңғолия нарығына Қазақстан тауарларын экспорттау жеңілдегенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум