Моңғолияның жаңа Үкімет мүшелері ант беріп, қызметіне кірісті

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хуралының (парламент) пленарлық отырысында жаңа үкімет мүшелері ант қабылдады, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияның жаңа Үкімет мүшелері ант беріп, қызметіне кірісті
Фото: Монцамэ

Премьер-министр Гомбожавын Занданшатар Моңғолия Конституциясының 39-бабы 4-бөліміне сәйкес Үкімет құрамын таныстырды. Аталған бапқа сәйкес: «Премьер-министр министрлер кабинеті мүшелерін Ұлы мемлекеттік хурал мен Президентке таныстырғаннан кейін тағайындайды және қызметтен босатады».

Жаңа үкіметтің құрамына келесі тұлғалар кірді:

  • Ням-Оросын Учрал – Премьер-министрдің бірінші орынбасары және Экономика және даму министрі,

  • Тогмиын Доржханд – Премьер-министрдің орынбасары,

  • Сайнбуянгийн Амарсайхан – Премьер-министрдің орынбасары,

  • Сандагийн Бямбацогт – Үкімет істері жөніндегі басқармасының басшысы,

  • Батмунхийн Батцэцэг – Сыртқы істер министрі,

  • Болдын Жавхлан – Қаржы министрі,

  • Лхагвын Мунхбаатар – Әділет және ішкі істер министрі,

  • Гонгорын Дамдинням – Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі,

  • Дамбын Батлут – Қорғаныс министрі,

  • Батын Батбаатар – Қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрі,

  • Пурэвсурэнгийн Наранбаяр – Білім министрі,

  • Тилеухан Аубаки – Отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі,

  • Борхуугийн Дэлгэрсайхан – Жол және көлік министрі,

  • Чинбатын Ундрам – Мәдениет, спорт, туризм және жастар министрі,

  • Энхтайваны Бат-Амгалан – Қаланы салу, құрылыс және тұрғын үй министрі,

  • Жадамбын Энхбаяр – Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі,

  • Энхбаярын Батшугар – Цифрлық даму, инновациялар және байланыс министрі,

  • Баттогтохын Чойжилсурэн – Энергетика министрі,

  • Жигжидсурэнгийн Чинбурэн – Денсаулық сақтау министрі.

Премьер-министр министрлер кабинеті мүшелерін тағайындау туралы өкімге қол қойғаннан кейін және Парламенттің жалпы отырысында 30 минуттық үзіліс жарияланған соң, жаңа Үкімет мүшелері ант беріп, ресми түрде қызметтеріне кірісті.

Бұған дейін Моңғолияда үкімет басшысы ауысқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар