12:38, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Моңғолияның жаңа президенті бүгін қызметіне кіріседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұланбатыр уақытымен 12 сағат 30 минутта Моңғолияның жаңа президенті Халтмаагийн Баттулга ресми түрде қызметіне кіріседі, деп хабарлайды елдің ақпарат агенттігі МОНЦАМЭ .

Ант қабылдау және Моңғолия президентінің қызметіне кірісу салтанатты шарасы Мемлекеттік резиденцияның Үлкен залында өтеді.
Шараға парламент және үкімет мүшелері, Ұланбатырдағы резиденцияларымен шет мемлекеттер елшілері және басқа да ресми тұлғалар қатысады деп күтілуде.