13:03, 10 Наурыз 2013 | GMT +5
Моноқалалардағы бизнес-жобалар 10 %-ке субсидияланады
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры моноқалаларда іске асырылатын жобаларды субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыруда.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты хабарлады.
«Бағдарламаның айырықша ерекшелігі - салалық шектеудің болмауында, бұл экономиканың барлық секторында жүзеге асырылатын жобаларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Субсидия мөлшері 10%-ды құрайды», - делінген қордың ақпарында.
Сонымен қатар, «Даму» қорының 2013 жылы 2500-ден астам жобаға субсидия төлеп, несие бойынша шамамен 400-дей кепілдеме беруді жоспарлап отырғанын айта кету керек.
«Субсидиялау кәсіпкерлерге банктерден бар-жоғы 7% және одан да төмен жылдық пайыздық мөлшерлемемен несие алуға, ал кепілдендіру кепіл көлемі жеткіліксіз болса да несие алуға мүмкіндік береді», - деп қорытындыланған хабарлама.