Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Ақсайда шағын және орта бизнесті қолдауға 262 млн. теңге бөлініп отыр

ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Ақсайда шағын және орта бизнесті қолдауға 262 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің қатысуымен Ақсайда өткен кеңейтілген мәжілісте айтылды.
None
None

М.Кәрімовтің айтуынша, қазіргі кезде тек ақсайлық үш жоба ғана қолдау тапқан. ТМД-ның басқа елдерінде жоқ бұл бағдарламаның артықшылығы, кәсіпкер өз ісін дамыту үшін несие алғанда, пайыздық мөлшерлеменің 4 пайызын өзі төлейді де, қалған 10 пайызын мемлекет жабады. Ендеше, кәсіпкерлер несие алуға неге асығар емес?! Әлде кілтипан банкте ме? «Ресей жинақбанкі» АҚ еншілес кәсіпорны облыстық филиалының директоры Александр Бурахтаның сөзіне қарағанда, банк «Бизнестің жол картасы - 2020», моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 28 жобаны 7 млрд. 964 млн. теңгеге қаржыландырған. Соның ішінде «Закарян» ЖК Ақсайда коммерциялық көп пәтерлік тұрғын үй тұрғызуға қаржы алды.

«Атамекен» ҰЭП облыстық филиалының директоры Айнагүл Ақашаеваның пікірінше, бағдарламаның баяу жүруі кәсіпкерлердің хабарсыз және олардың белсенділігі бәсең болуынан. Дегенмен жергілікті кәсіпкерлер банктер тарапынан қағазбастылыққа, кепілге қоюда кедергіге ұшырайтындықтарын алға тартты.

Кәсіпкерлер үшін тағы бір жаңалық, моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес гранттан басқа 3 млн. теңгеге дейін шағын несие беріледі. Ақсайға бұл ретте 67 млн. теңге бөлінген.

Мәжіліс соңында М.Кәрімов кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаларға белсендірек қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар