Моноқалаларды дамыту бағдарламасының іске асырылуына катаң бақылау жүргізіледі - ҚР бірінші вице-премьері

«Барлық облыс әкімдері мен олардың орынбасарларының назарына салғым келеді: Бағдарламаны (моноқалаларды дамыту бойынша) қабылдаумен өте қатаң бақылау жүргізіледі», - деді С.Ахметов Теміртауда өткен моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңесте.
Ол Бағдарламаның респбуликаның шағын қалаларындағы өмірді жандандыру мақсатымен қабылданып отырғанын атап өтті. «Өткір мәселелер қайда? Сол мноқалаларда. Сондықтан бағдарлама қордаланып қалған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Мемлекет басшысы осыған ерекше назар аударып, Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмасын берді», - деп түйіндеді С.Ахметов.
Естеріңізге сала кетейік, Теміртауда қала әкімдерінің көпсалалық мамандануымен моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша екікүндік семинар-кеңесі өтуде.