14:02, 21 Қазан 2013 | GMT +5
Монополистерге айыппұл салды
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр энергетикасы туралы заңнаманың қолданылуына бақылауды күшейту мақсатында, аймақтарда электр энергетика саласындағы нарық субъектiлерінің қызметтеріне жоспарлы тексерістер жүргізуді жалғастыруда.

Қарағанды және Қостанай облыстарының 7 энергиямен жабдықтаушы кәсіпорында осындай мақсаттағы тиісті шаралар өткізілді.
Нәтижесінде, 4 кәсіпорынға жалпы сомасы 18 861 423 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар: «Балқашэнерго» МКК, «Жезқазган РЭК» ЖШС, «Костанай Энерго Орталығы», ЖШС, «АлатауЭнерготрэйд Лимитед» ЖШС-і.
Сонымен қатар, жауапкершілікке тартылған аталған кәсіпорындар құзіретті органның шешіміне сот органына шағымданды.
Агенттікпен Республиканың барлық аумағында жоспарлы тексерулер жүргізу жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.