12:10, 10 Қараша 2016 | GMT +5
Moody's Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін растады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Moody's investors service халықаралық рейтинг агенттігі «Baa3» елдерінің тәуелсіз рейтингі деңгейінде «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады.

Бұл рейтинг Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрақтылығын, басқару қызметі мен бизнес-стратегия тиімділігін көрсетеді, - деп мәлімдеді Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметінде.
2016 жылғы 9 айдың нәтижесі бойынша банк елдегі барлық ипотекалық қарыздың 64 пайызын берді. Бұл ретте банкте кредиттік портфельдің сапасы өте жоғары, проблемалық қарыздардың үлесі 0,44 пайызды құрайды. Мерзімі өткен берешектің мұндай төмен деңгейі қарыз алушылардың төлем тәртібінің жақсы екенін көрсетеді. Қазір банкте 730 мың депозит бар, осы жылғы 9 айда банк жүйесіне 187 мың жаңа қатысушы кірді.