Moody’s АҚШ-тың несиелік рейтингін төмендетті
АСТАНА. KAZINFORM — Moody’s Ratings халықаралық рейтинг агенттігі АҚШ үкіметінің ұзақ мерзімді эмитент рейтингі мен борыштық рейтингін ең жоғары Aaa деңгейінен Aa1-ге деңгейіне төмендететінін жариялады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

21 сатылық рейтинг шкаласы бойынша рейтингтің бір сатыға төмендеуі соңғы онжылдықта және одан да көп уақыт ішінде мемлекеттік қарыздың және қарызға қызмет көрсету шығындарының тұрақты өсуін көрсетеді, деп хабарлады Moody’s. Бұл көрсеткіштер қазірдің өзінде салыстырмалы рейтингтері бар елдер үшін ұқсас көрсеткіштерден айтарлықтай асып түседі.
Moody’s атап өткендей, АҚШ-тың кезекті әкімшілігі мен Конгресс жоғары бюджет тапшылығы мен пайыздық төлемдердің өсу үрдісін кері қайтаратын шаралар туралы келісімге келе алмады.
Қазір қаралып жатқан бюджеттік ұсыныстар міндетті шығыстар мен тапшылықтың көп жылдық қысқаруына әкелмейді, деп хабарлайды агенттік.
Сарапшылардың болжауынша, алдағы онжылдықта бюджет тапшылығы әлеуметтік міндеттемелерге шығыстардың ұлғаюы мен тұрақты мемлекеттік кірістер аясында өседі. Бұл қарыздық жүктемені арттырады және қарызға қызмет көрсету шығындарының одан әрі өсуіне әкеледі. Осылайша, АҚШ-тың фискалдық көрсеткіштері — тарихи контекстте де, рейтингі жоғары басқа елдерге қатысты да нашарлауы мүмкін.
Рейтингтің төмендеуіне қарамастан, Moody’s Aa1 деңгейінде «теңдестірілген тәуекелдерді» көрсететін тұрақты болжамды сақтайды. АҚШ-тың күшті жақтары арасында агенттік экономиканың ауқымын, тұрақтылығын сондай-ақ доллардың әлемдік резервтік валюта ретіндегі мәртебесін атап өтеді.