Mortal Kombat фильмінің жұлдызы Кэри-Хироюки Тагава қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM — Жапон текті америкалық актер Кэри-Хироюки Тагава 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Deadline.
«Өлімші шайқас» (Mortal Kombat), «Соңғы император» және «Биік қамалдағы адам» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал Кэри-Хироюки Тагава бейсенбі күні Санта-Барбарадағы үйінде инсульттан кейінгі асқынудан қайтыс болды.
Актер «Өлімші шайқас» (Mortal Kombat) франшизасындағы сиқыршы Шан Цзун рөлі арқылы танымал болды. Ол өзінің кинодағы дебютін 1987 жылы Бертолуччидің тоғыз «Оскар» сыйлығын жеңіп алған «Соңғы император» фильмінде жасады.
Тагава кино және теледидарда 150-ден астам рөл сомдаған, соның ішінде «Кішкентай Қытайдағы үлкен әбігер», «Өлтіруге лицензия», «Күннің көтерілуі», «Кедрлердегі қар», «Перл Харбор», «Маймылдар ғаламшары», «Электра», «Гейшаның естеліктері» және «47 ронин» бар.