Мосулдың оңтүстігінен басы шабылған 100-ден астам адамның жерленген орны табылды

Ирак тұрғындарының мәйіттері 7 қараша күні үкімет күштері «ИМ» лаңкестік тобының содырларын қуып шыққан Хаммам-аль-Алил елді мекенінен табылды. Хаммам-аль-Алил Мосулдың оңтүстігіне қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Ирак әскері бұл жерлеуді ИМ содырларының әрекетімен байланыстырып отыр. Қараша айының басында БҰҰ ИМ содырларының Мосулда 1600 азаматты кепілге алғанын және оларды Ирак әскерлері жасаған әуе шабуылдарынан қорғанатын тірі қалқан ретінде қолданып жатқанын мәлімдеген еді. Мосул 2014 жылы ИМ содырларының бақылауына алынды. 17 қазан күні Ирак әскері Ирактік Күрдістан жасағымен бірлесіп, қаланы азат ету операциясын бастады. Республика полициясының қолбасшысы Раид Шакердің айтуынша, қазіргі уақытта Мосул халықаралық әуежайының оңтүстігіне қарай 5 шақырымға жақындады және шабуылды жалғастыруда.