09:17, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мотоциклдың багында бензиннің бар-жоғын сіріңкемен тексермек болған азаматтар күйік жарақаттарымен ауруханаға түсті
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Мотоциклдың багында бензиннің бар-жоғын сіріңкемен тексермек болған азаматтар күйік жарақаттарымен ауруханаға түсті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес кеше, қыркүйектің 13-і күні таңсәріде, Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданындағы Ганькино ауылында 27 жастағы азамат «Орал» мотоциклының багында бензиннің бар-жоған шырпымен тексермек болған сәтінде, бензиннің ауадағы тамшыларынан жалын лап еткен.
Абырой болғанда жану болмаған, бірақ 27 жастағы азамттың өзі мен оның жанындағы 30 және 32 жастағы азаматтар күйік жараларын алды.