Мотошабандоз Валентино Росси апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - MotoGP-тың тоғыз дүркін чемпионы Италиядағы жаттығу жарыстары кезінде апатқа ұшырап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды euronews.com . 
None
None

Бұл жайлы Yamaha командасының өкілдері мәлім етті.

«Бастапқы диагноз бойынша аяғының жілігі мен жілік шыбығының екі жерінен сынған, Росси ауруханаға жеткізілді», - делінген ресми мәлімдемеде. Нақты диагноз жұма күні белгілі болады. Шабандозға ота жасалуы мүмкін.

Биылғы маусымның чемпион атағы үшін күресте 38 жасар Росси 157 ұпаймен төртінші орында келеді.  

Соңғы жаңалықтар