Мойнақ ГЭС-інде Бестөбе су қоймасын толтыру басталды

ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мойнақ ГЭС-інің іске қосылуына санаулы айлар қалды. Құрылыстың барысымен танысу үшін бүгін нысанға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған үкіметтік делегация келді.
None
None

Бүгін мұнда Бестөбе су қоймасын толтыру жұмыстары басталды, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасы.

Республика үшін стратегиялық маңызы бар осы нысанды салу кеңестік кезеңде ойластырылған болатын. Алайда оны жүзеге асырудың сәті ондаған жылдардан кейін елдің жаңа индустриялық бағдарламасы ауқымында түсті.

Қуаты 300 МВТ Мойнақ ГЭС-ін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның «Самұрық-Энерго» компаниясы жүзеге асыруда. Ол қуаты жағынан Қазақстандағы бесінші гидростансы болмақ және тәуелсіздік жылдарына пайдалануға берілетін елдің алғашқы энергетикалық өнім беретін құрылысы болмақ.

Мойнақ ГЭС-інің бірегейлігі сонда, ТМД кеңістігіндегі жоғары арынды үш ГЭС-тің бірі, оның 500 метр сарқырамасы бар.

Нысанда пайдалануға беру желтоқсан айына - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны - 360 млн. АҚШ долларынан асады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, бұл жоба жергілікті тұрғындардың көптеген проблемаларын шешпек. Атап айтқанда, қазірдің өзінде құрылыс нысанын салу кезеңінде 1200-ге жуық уақытша жұмыс орындары құрылды. Пайдалануға берілгеннен кейін 127 адам тұрақты жұмысқа ие болады. Жергілікті инфрақұрылым дамуда. Бірнеше елді мекендерге жол қатынасы шешілді. «Бір сөзбен айтқанда, бұл жоба аймақтың әкономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-премьер.

Стратегиялық маңызды ифрақұрылымдық жобаны үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында Қазақстанның Даму банкі мен Қытайдың Мемлекеттік даму банкі қаржыландыруда. ҚДБ бойынша несие желісі 133 млн. АҚШ долларына дерлік қаражатты құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ мәліметтері бойынша Мойнақ ГЭС-і пайдалануға берілгеннен кейін электр энергиясын өндірудың жылдық орташа көлемі 1 млрд. кВс-тан астам болмақ. Осыған байланысты Қазақстанның оңтүстігіндегі тәуліктік жоғары жүктемені жабу проблемаларын шешеді және Орталық Азия электр желісінің энергиясына тәуелділіктен құтқарады.

Соңғы жаңалықтар