МСМ қазақстандық ауыр атлеттердің тағдырын ХОК тәртіптік отырысынан кейін шешеді

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
Бүгін Үкімет отырысында мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг дауына байланысты Халықаралық олимпиадалық комитеттегі тәртіптік комиссияның соңғы шешімін күтіп отырғанын айтты.
«Бізде қазіргі кезде Олимпиадаға 102 жолдама бар. Алдағы уақытта тағы халықаралық жарыстар бар, осы орайда қосымша он жолдама аламыз деп болжап отырмыз. Бүгінде Халықаралық олимпиадалық комитет жолдап отырған мәселелерді тыңғылықты бақылап отырмыз. Әрине, қазіргі кезде 27 маусымда Лозаннада басталатын Халықаралық олимпиадалық комитетте тәртіптік комиссияның соңғы шешімін күтудеміз», - деді министр.
Сонымен қатар ол Рио-де-Жанейро додасы қарсаңында спортшыларды тексеретін еліміздің зертханалық медициналық құрамдас бөлігі күшейтілетінін атап өтті.