Муаммар Каддафи өлтірілді

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Сирт қаласына жақын маңда Ливия көшбасшысы Муаммар Каддафи өлтірілді,
None
None

деп хабарлайды РБК агентттігі.

Полковник бүгін үкімет әскерлері басып алған Сирт қаласына жақын маңда оны қолға түсіру кезінде алған жарақатынан қаза тапты. «Ол бірінеше жерінен, соның ішінде басынан жарақат алды. Өтпелі ұлттық кеңес жауынгерлері оның әскерлеріне оқ атып, ол өлтірілді», - деп мәлім етті Өтпелі ұлттық кеңесітің төрағасы Абдель Маджид Млегта.

Бұдан бұрынырақ Өтпелі ұлттық кеңес М. Каддафидің қолға түскенін және оның екі аяғына оқ тигенін хабарлаған болатын. Басқа мәліметтер бойынша полковник НАТО-ның авиасоққысы кезінде қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар