19:52, 23 Маусым 2023 | GMT +5
Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі: Вайнерлерден бөлек тағы кімдер сотталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда вайнерлерден бөлек, Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты басқа да ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот үкімімен компанияның бас директоры Руслан Бурканов - 12 жылға, «Astex.kz» ЖШС басшысы Алмас Құранғалиев - 14 жылға, қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Дания - 10 жылға, «Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Андрей Ча - 8 жылға, «Mudarabah Capital» ЖШС-ның бұрынғы қаржы директоры Тимур Рүстемов - 12 жылға, «Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Самат Қасенов 8 жылға, қаржы пирамидасының заңгері Нұрлан Сұлтанбаев - 8 жылға, «Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Біржан Жармұхамед - 6 жылға, қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Ерлан Мансуров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, Мudarabah Capital қаржы пирамидасы ісіне қатысты белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.