Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 14 үйдің құрылысы жүріп жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында тасқын судан зардап шеккен 14 отбасығға баспа салынып жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Дома для пострадавших от паводка продолжают строить в Актюбинской области
Фото: Видеодан алынған скрин

«Мұғалжар ауданы бойынша су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалды. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек көрсетілді.Мұғалжар ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр. Құрылысқа «Айлин СтройПроект» ЖШС жауапты. Сонымен қатар Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 55 отбасы баспаналы болды.

Баспаналы болған 55 отбасы — көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ембі қаласы, Жағабұлақ, Бірлік, Басшилі, Қаракөл, Шеңгелши ауылдарының тұрғындары. Оларға барлығы 971 млн. 712 мың теңгеге Болат Өтемұратов, «Қамқор Ақтөбе — 2024» және «Dar Charity» қоғамдық қорлары арқылы үйлер сатып алынып берілді.

Соңғы жаңалықтар