Мүгедектер құқығын қорғайтын ҮЕҰ-ның белсенділігі күн санап артып келеді

ОРАЛ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мүгедектер құқығын қорғайтын ҮЕҰ-ның белсенділігі күн санап артып келеді. Бұл туралы Орал қаласында екі күн бойы өткен республикалық семинарда айтылды.
None
None

Семинар еліміз аймағында тұратын мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы мен өз мүдделерін қорғау жайында өз құқықтары туралы ақпарат беруге бағытталған білім жобасының бір бөлігі болып табылады. Бұл жобаны республикалық "Намыс" бірлестігі жүзеге асыруда. "Намыс" мемлекеттік қоғамдық бірлестігі "ҚР-да мүгедектерді әлеуметтік қорғау" және "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулер" туралы заңдар мен аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге тікелей қатысқан. Жиналғандар мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ұстанымдары мен ережелері және оны елімізде бекіту жолдарын қызу талқылап, ашық пікір алысты.

Соңғы жаңалықтар