Мүгедектер спортына қоғам тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбейді - М. Рожков

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мүгедектер спортына қоғам тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбейді. Бұл туралы Алматыда елімізде тұңғыш рет бірінші жазғы сурдоолимпиадалық спорт түрлері бойынша өтіп жатқан спартакиада барысында ҚР Мүгедектер спорты бойынша бас жаттықтырушы Максим Рожков мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, спартакиадаға көрермендер тарапынан жеткілікті қызығушылық байқалмайды.

«Біздің спортшылардың тек есту қабілеті ғана зақымданған. Әйтпесе ешкімнен кем емес. Керек десеңіз, олар он екі мүшесі сау спортшыларды да жеңіп кете алады. Тек өкінішке қарай, бізге қоғам тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбейді. Біздің спортшылар жылы лебізге мұқтаж. Біз сондықтан да қоғам назарын аудару үшін, өзімізге демеушілер тарту үшін осындай кең көлемді спорттық шара өткізіп жатырмыз. Мен көрермендерді спартакиаданы тамашалауға шақырамын, - деді өз сөзінде Максим Рожков.

Естеріңізге сала кетейік, кешеден бері Алматыда саңыраулар арасында елімізде тұңғыш рет бірінші жазғы сурдоолимпиадалық спорт түрлері бойынша спартакиада өтуде.

Орталық стадионның қосымша алаңында мини-футбол мен жеңіл атлетикадан жарыстар өтіп жатса, Аграрлық университеттің спорт залында шахматтан , еркін күрестен және үстел теннисінен жарыстар өтуде.

«Шахмат жарысына ерлер командасы 9 облыстан ал әйелдер командасы 8 облыстан келді. Әзірге 3 тур артта қалды. Алда әлі 6 тур бар. Бүгін ойын одан әрі жалғасады. Әзірге ерлер арасында Алматы қаласының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары алда келеді. Ал әйелдер арасында Алматы қаласы мен Алматы облысының командалары көш басында - деді өз сөзінде осы жарыстың бас төрешісі Мейірбек Нүсіпбеков.

Соңғы жаңалықтар