Мүгедектер жаңа көліктерге ие болды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Петропавл қалалық мүгедектер қоғамына 500-дей адам мүше болса, солардың 82-і балалар. Қарттарды қолдау айлығы барысында оларға жалпы құны 13,5 миллион теңге тұратын екі жаңа көлікті облыс әкімі Самат Ескендіров тапсырды.
None
None

Ол өз сөзінде әлеуметтік такси жүйесін қаржыландыруға жергілікті қазынадан жыл сайын 10 миллион теңге мөлшерінде қаржы бөлінетінін, мұның алдында қос «ГАЗел» «темір тұлпарлары» берілгенін, бүгінгідей қайырымдылық акциясына республикалық «Сәби» қоры «Инватакси» бағдарламасы шеңберінде қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Соңғы жаңалықтар