Мүгедектерді жұмыспен қамту - атқарушы биліктің қамы

ПАВЛОДАР. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар әкімі Бақытжан Жоламанов өткізген кеңесте мүгедектерді сауықтыру және қоғамға ықпалдастыруда оларға тең мүмкіндіктер жасау мәселелері қаралды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Облыс орталығында мүмкіндіктері шектеулі 11 мыңнан астам адам тұрады. Өткен алты айдың ішінде еңбекпен қамту қызметіне 166 мүгедек келіп, бүгінгі таңда олардың тең жартысы жұмыспен қамтылып отыр, деп баян етті еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сабира Сейітова.

Оған қоса, жылдың басынан бері 185 мүгедек қарым-қатынас жасауға қажетті техникалық жабдықтар алса, 175 азамат - протездік-ортопедиялық көмек жабдықтарын, тағы 129 адам - жаңа қоларбалар алды. Ал соңғы үш жылда қалада жаңадан салынған барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандары пандустармен жабдықталған.

Қала әкімі мүгедектерді жұмыспен қамту жұмыстарын кеңінен жүргізуге тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар